Фестиваль өтті
Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы NIS мектебі Дүниежүзілік кітап және авторлық құықты қорғай күніне орай «Кітаппен берілген шабыт» әдеби фестивалі өткізді.
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құықты қорғай күніне орай мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында «Кітаппен берілген шабыт» әдеби фестивалі өтті.
Фестивальде оқушылар «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасының әдебиет әлеміне бөленіп, жобаға енген шығармалар желісін көрерменге сахналық қойылым арқылы жеткізді.
«Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» жобасы үш тілде оқытуды қолдауға, өз халқының тарихын, мәдениетін зерделеуге және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әдебиетті оқу арқылы басқа мәдениетке төзімділікке тәрбиелеуге бағытталған. Жоба тізіміне қазақ классикасының 60 танымал туындысы мен әлем әдебиетінің 40 жауһары енген.
Ұйымдастырылған фестивальге 8-9 сынып оқушылары қатысып, шығармашылық қабілеттерін паш етті.
Сахнада Қ.Әбдіқадыротің «Қажымұқан», Б.Соқпақбаетың «Он алты жасар чемпион», А.Экзюперидің «Маленький принц», Ш.Мұртазаның «Дәрігердің үш қаруы», В.Кавериннің «Два капитана» сондай-ақ Р.Паласионың «Чудо», Б.Васильевтің «В списках не значился» шығармалары қойылды.
Шарада оқушылардың шығармашылық жұмыстарын әділ-қазылар алқасы бағалады. Олар сахналық қойылымның шығарма желісі мен мазмұнының сәйкестігін, қатысушылардың сөздері анық, дәл, айқын естілуі мен қойылымның көркемдік сүйемелденуінің өзіндік ерекшелігіне жіті назар аударды.
Фестиваль нәтижесінде 8 «С» сыныбы оқушыларының Ш.Мұртазаның «Дәрігердің үш қаруы» атты шығармасы желісінде қойылған сахналық қойылымы жүлделі І орынмен марапатталды. Ал ІІ орынды 8 «К» сыныбы оқушыларының Р.Паласионың «Чудо» және 9 «В» сыныбының А.Экзюперидің «Маленький принц» шығармасы ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ оқушылар «Үздік қойылым», «Үздік декорация», «Көрермендер көзайымы» сынды номинациялармен марапатталды.
Ұйымдастырылған шара оқушыларымыздың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін ашып, жазушылардың шығармасын жаңа қырынан аша білді.
Г:ТАСТАНБЕКОВА
Г:ТАСТАНБЕКОВА