Жаңа мүмкіндіктер бастауы

Жыл сайынғы ҰБТ қарсаңында «Жастар рухы» жастар қанаты «Сәтті қадам» жобасын қолға алады. Жоба мақсаты – жоғары сынып оқушыларына білім сынағының алдында болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар беру.
 2021-2022 жылғы оқу маусымында Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қалаларда 10-11-сыныптың 2000-нан астам оқушысына семинар-тренингтер өткізілді. 2022-2023 жылғы оқу маусымының бірінші жартысында 1500-ден астам шәкіртке түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әр мектеп оқушысына мемлекеттік гранттар, атаулы гранттар және «Серпін–2050» мемлекеттік бағдарламалары талдама жасай отырып түсіндіріледі. Арнайы маманданған тренерлердің, түрлі бағыттағы тренингтердің көмегімен жастарға моральдық, психологиялық қолдау көрсетіледі.
ҰБТ –  балаға қорқыныш емес, жаңа мүмкіндіктер сыйлауы тиіс. Осыны әр бала терең ұғынуы керек. Рухтастар бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тоқтатпайды.

 Еркебұлан МАДИЯРҰЛЫ,
Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төраға орынбасары.


Пікір қалдырыңыз