Шымкенттік оқушылар шетелдік оқу орындарынан шақырту алды

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS   мектеп бітіруші түлектер АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Гонконг, Катар елдерінің 11 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды. 
Оның ішінде University of Toronto (QS World University Rankings 2023 – 34 орын), Korea Advanced Institute of Science & Technology (QS World University Rankings 2023 – 42 орын), The University of British Columbia (QS World University Rankings 2023 – 47 орын) сияқты белді жоғарғы оқу орындары да бар. 

Атап айтар болсақ, 5 оқушы толық грант, 1 оқушы 50 пайыздық жеңілдік иегері атанды. 
12 сынып оқушысы Камилла Серікбай құжат тапсырушылардың тек 1 пайызын ғана қабылдайтын Minerva University-дің  толық грант иегері атанып және University of Toronto-дан шақырту алды. Ал Мерей Бейсенбаева мен Арайлым Шайзада Гонконгтық оқу ордасының толық грант иегерлері атанды. Мирас Қайролла Оңтүстік Кореядағы алғы саптағы жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылатын KAIST университетінің толық грант иегері атанса, Бексұлтан Жадигеров QS World University Rankings 2023 бойынша алғашқы ТОП 100-ге кіретін Pennsylvania State University-ден шақырту алып, ал Hofstra University-ден 50 пайыздық жеңілдік иегері атанды.

Пікір қалдырыңыз