Бұл күрес бәріміздің күш-жігерімізді қажет етеді

Сыбайлас жемқор-
лық – бүкіл әлемді алаңдатып отырған аса өзекті проблемалардың бірі. Сондықтан онымен күресіп, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барлық елдерге ортақ іс болып отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында әр салада жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылып келеді. Дегенмен, парақор өзінен- өзі бір күнде жоқ болып кете салмайды. Сол себепті, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуге  бүкіл қоғам болып атсалысуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – азаматтардың арыз-шағымы. Әрбір азамат Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеп, заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Тиісінше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен барлық уәкілетті, мемлекеттік органдар заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделі болуы керек. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Өйткені, парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіріп, заңды қағидаларды теріске шығарып қана қоймай, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына себеп болады.
Жалпы, тұтас қоғамға қауіп төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өз қолында. Яғни заңсыздыққа жол бермеу үшін оған қарсы күреске барлығымыз атсалысуымыз керек. Сонда ғана әрқайсысымыз еліміздің дамуына сүбелі үлес қоса аламыз.

Мекенбай КАНАЗАРОВ,
Келес ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.
Пікір қалдырыңыз