Жерлестеріміз қарсылас шыдатпады

Ақтөбеде аударыспақтан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ат үстіндегі балуандар 
9 салмақ бойынша сынға түсті. Білекті де жүректі жігіттердің додасына елімізден іріктелген балуандар қатысып, өзара мықтыларды анықтады. 

Түркістан облысының білекті жігіттері тағы да өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. 
Түркістандық спортшылар 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалап, абыройды аспандатты. Атап айтсақ, 57 келіде Ермек Құралбай, 68 келіде Алмат Ләтіпбек, 87 келіде Есімхан Рахматіллә, 100 келіде Сырым Ізбасаров және 100 келіден жоғары салмақта Біржан Қосалиев сынды жерлестеріміз чемпион атанды. 80 келіде бақ сынаған Ғабит Ағабек күміс жүлдегер атанса, 94 келіде Түймебек Жұмалиев қола медальға қол жеткізді. Жерлестеріміз енді ұлттық құрама сапында халықаралық сайыстарда ел намысын қорғайды. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз