Ана, сен бақыттысың!

Халықаралық әйелдер күніне орай атты мерекелік концерт өтті.
Түркістандағы «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана, сен бақыттысың!» атты мерекелік концерт өтті.
Іс-шара барысында мекеме директоры Индира Икапова сөз алып, барша қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
Содан соң, ерекше дауыс иелері "Ана", "Ана, сен бақыттысың", "Абзал ана" сынды әндерді әуелетіп, мың бұралған арулар көрерменге бірнеше би тарту етті.