Қайтарымсыз грант кімдерге беріледі?

Таяуда business.enbek.kz порталы биылғы 20 ақпаннан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталғаны жарияланған болатын. Мемлекеттік грант сомасы 1 млн. 380 мың теңгені құрайды. Республика бойынша бірінші ағында (поток) 2 577 грант беру жоспарланып отыр. Ал, өңірімізде мұндай қайтарымсыз гранттар кімдерге беріледі? Оларға қойылатын талаптар қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Динара Бегалықызымен әңгімелесіп, мән-жайға қаныққан едік.

– Қайтарымсыз қаржы алуға кімдер үміткер бола алады?
– Өткен жылдың 7 ақпанынан бастап гранттар берудің қағидасы түбегейлі өзгерді. Яғни  гранттар екі бағытта беріледі. Біріншіден, азамат жұмыссыз ретінде міндетті түрде тіркелуі тиіс. Екіншіден, жеке кәсіпкерлікпен шұғылдана бастағанына үш жыл толмаған кәсіпкер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) болуы керек. Ең маңыздысы, бағыты халықтың әлеуметтік осал тобына жатуы тиіс. Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек: 
– мүгедектігі бар адамдар, қандас мәртебесін алғандар, қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері, аз қамтылған отбасы мүшелері, көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы, зайыбы), мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы, зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар. Осы санатқа жатқызылған азаматтарға ғана грант алу құқы беріледі.
– Бұрынғыға қарағанда жаңа қағидада тағы қандай өзгешеліктер бар?
– Үміткердің «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс. Тағы бір өзгеріс, грант алуға өтінім Enbek. kz сайтында электронды форматта жүргізіле бастады. Сайтта 6 ағынға (поток) дейін ашылуы мүмкін. Бірақ, ол қаржының көлеміне байланысты. Әзірге 4 ағын жоспарлануда. Оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді. Ағын ашылған кезде жоғарыдағы атап көрсетілген санаттағы ресми жұмыс істемейтін азаматтар өтінім қалдырады. Бизнес-жоспары дайын болуы тиіс. Жеке электронды кілті арқылы интернеті бар компьютерге кіріп, өзіне кабинет ашады. Соған бизнес-жоспарын енгізіп, грантты қандай мақсатқа  жұмсайтынын көрсетуі керек. Егер бизнес-жоспарын енгізбей, тек өтінім ғана тастаса, оны комиссия қабылдамай қоюы мүмкін...
– Үміткер бұл үдерістердің барлығынан өтті делік...
– Осы процестерден өткеннен кейін портал ашылып, азамат құжаттарын тапсырған соң дерекқор базасы өзі автоматты түрде үміткердің санатын, ресми жұмысын тексереді. Егер әлгі азамат талап етіліп отырған санаттың  ешқайсысына жатпаса, база автоматты түрде бас тартады. Сөйтіп, ол грант алу мүмкіндігінен айырылады. Егер жоғарыда айтылған санатқа сәйкес келетін болса, ол азаматтың қалта телефонына «Өтінім қабылданды» деген sms келеді. Сондықтан несиеге өтінім берген әрбір азамат өзінің телефоны арқылы шығуы тиіс. Өтінім мерзімі біткеннен кейін құрылған (аудандық/қалалық) комиссияға шақырылады. Аудан, қала әкімдері комиссияға кім төраға, кім мүше болатынын өздері шешеді.  Егер талапкер комиссияға келмесе, бірден бас тартылады. Жеке кабинетіне де: «Комиссия  пәлен күні, пәлен уақытта өтеді» деген хабарлама келеді. Грантқа үміткер өзінің бизнес-жоспарын қорғап шығуы тиіс. Ары қарай комиссия: «Грант беріледі немесе берілмейді» деген шешім шығарады. 
– Грант алушылардың көпшілігі немен айналысып жатыр? 
– Атқарылған жұмыстар жөнінде айта кетсем, былтыр 2 922 адам грантқа ие болды. Барлық аудан мен қала өз жоспарына сәйкес азаматтарының тізімін   берді. Өтінімдерді қабылдау 4 ағын бойынша іске асырылды. Олардың арасында жылыжай салып, қызмет көрсету нүктесін, салон, автокөлік жуу, басқа да техникалық қызмет көрсету орындарын ашып, жұмыс істеп жатқандар аз емес. Кондитерлік өнімдерін ұсынушылар да жетеді. Бізге ауданның өміріне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін жобалар керек. Әрине, әркім 1 миллион 380 мың теңгемен кәсібін бастап, аяқтан тұрып кете алмайды. Бірақ, бастама жасауға кепілпұл бола алады. Мәселен, бір ауылға шаштараз керек делік. Тым болмаса, оның жалға алу ақысын өтеуге жарайды. Біз бұдан басқа бизнестің топ үлгілер жобаларын ұсынып отырмыз. 
 Мәселен, Түркістан қаласында Отырар ауданында тұратын үміткерлердің туристік бағыттағы гранттарды ұтып алуға мүмкіндігі мол.  Түристер түрлі кәдесыйларға қатты қызығады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шағын кілемдер тоқу брендін қалыптастыру керек. Осы бағыттағы қолөнершілерді қолдау да жоспарда бар.
– Бұл салада тиімділікке жету үшін не істеу керек?
– Бірлескен кооперативтер көбірек құру пайда әкеледі. Мәселен, 10 адам грант ұтып алып, қаржысын ортаға салса, қомақты болады. Қиындықты бірлесіп, еңсеруге болады. Өйткені, жеке грант алған адамға аяқтан нық тұруы қиын тиетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Банкротқа ұшырамас үшін мұны да ойластырып жатырмыз...
Биылға 1688 адамға грант беру жоспарланған. Осы мақсатқа 2 миллиард 329 миллион теңге қаралды.
– Іске сәт! Әңгімеңізге рахмет! 
                 
Сұхбаттасқан С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

10 пікір

  • Аяулым Ержановна
    Аяулым Ержановна

    Қашан шымкент қаласына грант түседі

  • Альбина Байғабылова
    Альбина Байғабылова

    Қайтарымсыз грантқа муктаж отбасыретинде тиркелип тұрсыздар бирак жұбайыңыз кредиті бар екен сол себепті берилмейди егер толесе беріледі дейд ал мен заңды некеде жоқпын азаматтык некедемин Неге ол көмек менің шотыма туспейди мен будан бурын әлеуметтік осал топтарға жатамын 2011жылда 1рет кана тұрған квартирама келип үкімет тарапынан көмек болды макарон 1л май 1шай деген сикты одан кейін мулдем берилмеді АСП алмаймын басымда баспана жок сұрақ осы көмек берілеме анық некеде жок болсамда

  • Улмира
    Улмира

    Қызылорда қаласы бойынша 5 млн грант ақшасы қашан түседі? Оны қайда хабарласып білуге болады?

  • Есетов Рахым
    Есетов Рахым

    87750404186

  • Есетов Рахым
    Есетов Рахым

    Ел басымыз Ғылымды мал табуға емес... Малды Ғылым табуга жумсандар дегенде устанамдеп окинип калган жайымыз бар...

  • Есетов Рахым
    Есетов Рахым

    Тоған шаруашылығын оз каражатыммен бастап едим. Шығыс 1.5 мил курайды... Статусым Жане басекелес жок касип бойынша грант атыскан едим... берилмеди. Себебі комиссия мүшелері Адил емес! Бул ауқымды жұмыс иске асыру киындеп... Басты мақсат тоганда шабак осиру болып карастырган Жане нарыкка шыгарып оз отбасымды Жане озгенни жумыспен камтыгым келген. Көп балалы Акемин жумыссыз... Ауылдан енди калага кетким келуде не болмаса Басқа Азаматтыкка отетин шығармыз... Кызылорда обл. Кармакшы ауданы Сағымды сындырды деседе болады. Комиссияға комиссия керекпе сирә...... Менде бір казак баласы ем...!

  • Сагингалиев  Бекболсын Хатиятович
    Сагингалиев Бекболсын Хатиятович

    Мен жалғыз басты әке көп балалы от басы 2-ұл 2-қыз тәрбиелеп отырмын.Жолдасымнан заң бойынша 2012-де ажырастым.Мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ілігембе?

  • Муртазаева Салтанат
    Муртазаева Салтанат

    мен 4 балалы анамын. қазіргі уақытта үлкен ұлым бөлек кетті және 1 қызым тұрмыста. екі қызым қолымда. толық емес отбасымыз. халықтың әлеуметтік осал әлсіз тобына жатамыз. грант алуға қандай мүмкіндігіміз бар

  • Азиза Набиева
    Азиза Набиева

    менің 2 кызым бар өзім көпбалалы отбасыдан шыкканмын гран утып алуга вощможность барма

  • Азиза Набиева
    Азиза Набиева

    Менің 2 кызым бар өзім көп балалы отбасыдан шыкканмын грант утып алу мүмкіншілігі барма

Пікір қалдырыңыз