Ұрпағымен ну орман Ұрхан апа

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Ұрхан Аймұқанбетқызы апамыздың шаңырағына арнайы кіріп, әжейге төсбелгі мен сый-сияпат табыс етті.

– Саналы ғұмырыңызда білім беру саласында ұзақ жыл қызмет атқарып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қостыңыз. Сұрапыл соғыс жылдары кетпен шауып, егін суарып, орақ орып Жеңіс күнін жақындатуға атсалыстыңыз. Бұл нағыз ерлікке пара-пар еді. Еткен еңбек, төккен теріңіз бағаланып, «Алтын алқа» иегері және «Ұлы Отан соғысының тылдағы ардагері» төсбелгісімен марапатталдыңыз. Бүгінде соғыс ардагеріне теңестірілген қарттар тізіміндесіз. 7 ұл, 3 қыз дүниге әкеліп, алтын құрсақты «Батыр ана» атандыңыз. 36 немере, 45 шөбере сүйіп отырған Сіздей қазыналы қариямызға қандай атақ берсек те жарасады. Осының бәрі жас ұрпақ үшін өмір мектебі, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Тоқсанның алтауына келген Ұрхан Аймұқанбетқызы әже өткен күндердің естеліктерімен бөлісіп, аудан басшысына алғысын айтты. Елге бірлік пен ынтымақ, береке тілеп, батасын берді. Мұхит Сексенбайұлы кейуана кеудесіне «Созақ ауданының құрметті азаматы» төсбелгісін тағып, жүзден асуына тілектестігін білдірді.

Мақсат ҚАРҒАБАЙ,
Созақ ауданы.
Пікір қалдырыңыз