САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет –көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

Соңғы жылдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік институттардың азаматтармен қарым-қатынасы айтарлықтай өзгеріп келеді

Өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі арттырылуда.

Түркістан облысында 2022 жылы 20 млн жуық қызмет көрсетілсе, оның ішінде 95 пайызы электронды түрде ұсынылған.Олардың басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер болып табылады.

Осы ретте, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күннің басты талабы.

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі функциясы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

Осы орайда, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру мақсатында 2022 жылы Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы 33 бақылау жұмыстарынжүргізіп, 2511 бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтамау - 681 (27%), қызмет көрсету мерзімін бұзу - 1129 (45%), жұмыс мерзімін сақтамау - 145 (6%) құраған. Бұзушылықтар негізінен мүлік және зияткерлік меншік құқығы, жер қатынастары және ауыл шаруашылық салаларында орын алған.

 

Ағымдағы жылы Департаменткемемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 143 өтініш түссе, оның ішінде 36 өтініш қаралып, нәтижесімен 13 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілген.

Өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары, еңбек және әлеуметтік қорғау,мүлік және зияткерлік меншік құқығы салаларына тиесілі.

Департамент ұсынысымен заңбұзушылықтарға жол бергені үшін мемлекеттік органдардың 47 қызметкері әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Сондай-ақ, Департаментпен жүргізілген тексерулер нәтижесінде рұқсат құжаттарының беру мерзімін бұзғаны және негізсіз бас тартқаны үшін лауазымды тұлғаларға қатысты 115 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 4,5 млн жуық теңге айыппұл өндірілген.

Бұдан бөлек, Департаментпен аудан, қалаларға бақылау жұмыстарымен шығу кезінде, жергілікті жерлердегі Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысына шолу жасалып, азаматтарға Агенттіктің негізгі миссиясы мен функциясы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ДепартаментпенМемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобыныңмүшелерімен бірлесіп, 43 қоғамдық бақылау жұмыстары өткізілді.

Қоғамдық бақылау барысында, қызмет көрсетуші органдарға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жұмыс істеуді, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлуді, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету тапсырылды.

Сонымен қатар, «Turkistan TV» телеарнасында «Елге қызмет» арнайы бағдарламасы іске қосылып, бүгінгі күні 37 (отыз жеті) түсірілім жарық көрді.

Аталған бағдарламаны түсіру арқылы қызмет беруші органдардың қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнамалық актілерге түсіндірме беруге бағытталған.

Бұл өз кезегінде, жергілікті биліктің міндеті мен атқарылған жұмыстары туралы ақпаратты халыққа жеткізу арқылы қоғаммен жергілікті биліктің арасындағы кері байланыс қалыптастыруға ықпал етеді деп санаймыз.

Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналды.

Яғни, даму кезеңімізде мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, уақыттың көші жылжыған сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарда барынша күшейтіліп келеді. 

Демек, бұл мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіру мәселесі әрбір орган қызметінің басты бағытына айналуы тиіс екенінкөрсетеді.

 

Дархан Аширханович Суртеков

ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департамент 
басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі 
кеңес хатшылығының меңгерушісі

 

Пікір қалдырыңыз