Істеймін дегенге жұмыс табылады

Ресми дерек: 2022 жылдың 3 тоқсанының статистикалық мәліметтеріне сәйкес облыстың жұмыс күші 819,7 мың адамды құрады. 776,3 мың адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 416,8 мың адам жалдамалы жұмысшылар және 359,5 мың адам өздігінше жұмыспен қамтылғандар, 43,4 мың адам жұмыссыз болса, енжар тұрғындар саны 448,3 мың адамды құрады.

Карта аясындағы қарекет

2022 жылы Ұлттық жобалар негізінде бекітілген «2022-2025 жылдарға арналған өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 33 819 жұмыс орнын ашу (5 087 тұрақты, 28 732 уақытша) жоспарланған. Сонымен 1095 орын «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында, 34 426 орын «Кәсіпкерлікті дамыту», 237 орын «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу», 343 орын «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту»,  3 110 орын «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», цифрландыру, ғылым және инновацияның арқасында технологиялық серпіліс ұлттық жобасы аясында 29 жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 орын құру» тапсырмасына сәйкес 10 854 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланса, биылғы 1 қаңтарға дейін жеке бастамалар шеңберінде  24 002 тұрақты жұмыс орны құрылып, жоспар 222,0% орындалды. 

Былтыр «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасын жүзеге асыруға бюджет көздерінен 18,5 млрд. теңге қаралды. Жалпы, 2022 жылы «Еңбек» бағыты аясында 70,3 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған еді. Нәтижесінде Түркістан облысы бойынша нақты 120 269 адам жолданып, бекітілген жоспар 170,9% орындалды. Қаралған қаржының 16,0 млрд.теңгесі немесе 86,4%-ы игерілді. 

Ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында (Кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай дағдыларды дамыту) жалпы жергілікті бюджет есебінен 843 адамды қысқа мерзімдік оқуға жолдау көзделген-ді. Оның ішінде жұмыссыз 580 адамды жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес оқу ұйымдарында оқыту, 263 адамды жұмыс орнында оқыту жоспарланған-ды. Жыл соңына дейін 627 адам (74,4%) қысқа мерзімдік оқытуға жолданды. 

Оқусыз күнің жоқ...

Сонымен қатар, enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 

1 972 жұмыссызды онлайн оқыту жоспарланып, 2 438 адам оқып, оның 2 164-і сертификат алды. Ұлттық жобаның екінші бағыты (Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікті қолдау) шеңберінде 2022 жылы жалпы 61 017 адамды жұмысқа жолдау жоспарланса, нақты 84 979 адам (139,2%) жолданды. Оның ішінде:

– 36 052 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жолдау көзделіп, нақты 53 658 адам (148,8%) жұмысқа орналасты;

– 3 120 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, 973,8 млн. теңге бөлінді. Оған нақты 3 516 адам (112,6%) қатысып, бөлінген қаржының 973,8 млн. теңгесі немесе қаржы толығымен игерілді;

– 5 658 жас түлекті жастар практикасына жолдау көзделіп, 4 006,4 млн. теңге қаралды. Соған сәйкес нақты 

7 576 адам (133,8%) жолданып, бөлінген қаржының 3 999,4 млн. теңгесі немесе 99,8%-ы игерілді;

– «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 396 жасты жұмысқа жолдау жоспарланып, бюджет көздерінен 418,6 млн. теңге қаралды. Оған нақты 690 адам (174,2%) қатысып, 418,6 млн. теңге түгел игерілді. 

– 2022 жылы 12 000 адамды қоғамдық жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет көздерінен 6 719,6 млн. теңге қаралды. Тиісті орындарға нақты 19 015 адам (158,4%) жолданып, қаралған қаржының 6 719,5 млн. теңгесі немесе 99,9%-ы игерілді.

Жобаның да жәрдемі бар

– зейнеталды жасқа дейінгі 552 азаматты «Күміс жас» жобасына жолдау көзделіп, осы мақсатта Ұлттық қор есебінен 200,2 млн. теңге қаржы қаралды. Нақты 516 адам (93,4%) жұмысқа жолданып, қаралған қаржы  толық игерілді. 

– жергілікті бюджет есебінен 47 азаматты «Ұрпақтар келісімшарты» негізінде жұмысқа жолдау жоспарланып, нақты 8 адам  (17,0%) жұмысқа жолданды. 

Ұлттық жобаның үшінші бағыты (Өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау) аясында 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 29 303 адам оқып, 23 508-і сертификат алды. 

Былтыр жаңа бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткішпен 2 765 адамға 6 030,1 млн.теңгеге грант беру жоспарланып, нақты 2 922 адам грант алды. Қаралған қаржының 3 586,0 млн. теңгесі (59,4%) игерілді. 

43 400 тағдыр...

Статистикалық мәліметке сәйкес, өткен жылдың IІІ тоқсанының қорытындысымен:

– жұмыссыздық деңгейі 5,3% (жоспар 5,2%);

– жұмыссыздар саны – 43 400 адам;

– жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% (жоспар 4,5%);

– жұмыссыз жастар саны – 6 688 адам;

– әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,5%-ды құрады. 


2023 жылғы міндеттер

Биыл 82,8 мың азаматты жұмыспен қамтуға 35 552,2 млн.теңге қаралды, оның ішінде:

– 32 910 адамды субсидияланған уақытша жұмыс орындарына жолдау;

– өз ісін ашуға ниетті 1 688 адамға грант беру;

– 594 жасқа жеңілдетілген 2,5%-дық шағын несие беру;

Одан бөлек:

– ұлттық жобалар аясында 4 490 жаңа жұмыс орнын ашу;

– 36,2 мың адамды бос жұмыс орындарына жолдау;

– жеке бастамалар шеңберінде 10 951 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру;

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейін 4,9% төмендету жоспарланып отыр.


Әсия ТЕМІРБАЕВА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Пікір қалдырыңыз