Инвесторлармен кездесу өтеді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) ҚМГ жай акцияларының бастапқы ұсынысына (IPO) арналған роудшоуды өткізу шеңберінде инвесторлармен кездесулер өтеді. Осыған орай тұрғындарды Шымкент қаласындағы әлеуетті бөлшек сауда инвесторларымен кездесуге шақырамыз.

 

Спикерлер:

1.      Ереулиев Арман Мандибекұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бюджеттеу және жоспарлау департаментінің директоры.

2.      Амирханова Нургуль Мұратқызы –  «SkyBridge Invest» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің бас менеджері.

3.      Досмухаметов Арман – «Freedom broker»  аймақтық директордың орынбасары.

 

Спикерлер ҚМГ қызметінің нәтижелері, IPO параметрлері, ҚМГ инвестициялық артықшылықтары және ҚМГ акцияларын сатып алу тәсілдері туралы айтып, сұрақтарыңызға жауап береді.

 

Таныстырылым 2022 жылғы 14 қараша күні сағат 14.00-16.00 аралығында Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 17 мекенжайда орналасқан «Rixos Khadisha» қонақ үйінің «Назарбаев» залында өтеді.

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз