Маусым «Абылай ханның арманымен» ашылды

Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 89-маусымын Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасымен ашты. Туынды Абылайдың басынан кешкен қиын кезеңінен ой толғайды.

Жаңа маусымның шымылдығы түрілер сәтте театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Құрманғожаев ұжымның өткен маусымдағы қол жеткізген жетістіктері және алдағы жаңа жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ, қазақ театрының негізін қалаған, Қазақстанның тұңғыш режиссері Жұмат Шаниннің 130 жылдығына орай көрермен талқысына дайындалып жатқан жаңа қойылымдарға тоқталып өтті. Театр ұжымы 89-маусымда көрермен назарына бес жаңа қойылым ұсынамыз деп жоспарлауда. 


Сая ҚАСЫМБЕК, театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург.

Пікір қалдырыңыз