Жеңімпаздар олбыстық кезеңге жолдама алды

Түркістан  қаласында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша президенттік олимпиада өтті. Түркістан қаласындағы 11-сынып оқушылары арасында өткен олимпиаданың бұл кезеңіне 30 оқушы қатысып, химия, математика, физика және биология пәндері бойынша тапсырмаларды орындады. 

Олимпиадаға арнайы барған Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова оқушылармен пікірлесіп, сәттілік тіледі. Өз кезегінде оқушылар да білім бәсекелері, Ұлттық бірыңғай тестілеу жөнінде өз ойларын ортаға салды. 
– Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Бітіруші түлектерге ҰБТ-да жоғары балл жинауына тілектеспін. Оқуды жақсы аяқтап, армандаған оқу орындарыңа түсіңдер. Президенттік олимпиадада бақтарың жансын, – деді Оразкүл Шайхықызы.
Олимпиада қорытындысы бойынша алғашқы орындарды иеленген Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназияның оқушысы Аружан Әнуар, Ж.Тәшенов атындағы №23  ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Сандуғаш Қасым, №28 мектеп-лицейінің оқушысы Мерей Жеңісқызы олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Қалалық сайыстан үздік шыққан олар облыстық олимпиадада бақ сынайды. 

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Пікір қалдырыңыз