Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов «Мырзакент» спорт клубының спортшыларымен кездесті. Іс-шараға республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт клубының басшылары қатысты. 

Жалпы, «Мырзакент» спорт клубының спортшылары Азия, республика, облыс чемпионаттарынан және халықаралық жарыстардан барлығы 27 алтын, 21 күміс, 27 қола медаль ұтып алған. 
Кездесу барысында аудан басшысы клуб ұжымына алғыс айта отырып, жетістікке жеткен спортшыларды арнайы марапаттады. 
Аудан әкімінің алғысына бөленгендердің ішінде қол күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтанбек Қалмырза, бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы Айсұлу Мұхит, бокстан жастар арасында ҚР біріншілігінің қола жүлдегері Мәншүк Тұрғанбай, панкратионнан ел чемпионы және греплингтен Азия чемпионы Елдос Зұлпан, греплингтен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Орынбасар Төлеп,  греплингтен Азия чемпионатының қола жүлдегері Нұржан Қарабаев,  республикалық жарыстың жеңімпазы Нұрлыбек Жасұзақов бар. 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз