Бәрі балаларымыздың ертеңі үшін

Бұйыртса, балаларымыздың болашақта осындай игіліктерді көретініне сенемін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын тыңдадым. Қасым-Жомарт Кемелұлы сөзін «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық» деп бастады. Расында да, мемлекетіміз жаңа бір кезеңге, жаңа бір белеске қадам басып отыр. Бұған елімізде 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ұлттық қордың бір бөлігі 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударыла бастайтыны дәлел болады. Осы ақпарат мен секілді көпбалалы аналардың барлығын қатты толқытты әрі қуантты деп ойлаймын.


Мемлекет басшысы бұл бастаманың Балалар жылына орай «Ұлттық қор -- балаларға» атты жаңа жоба аясында іске асырылатынын жеткізді. Балаларымыздың жеке есеп шотында жинақталатын сомма олардың кәмелекет жасқа толғаннан кейін баспанаға қол жеткізуіне және білім алуына жұмсалынатын болады.


«Ертеңін ойлаған ел озады» демекші, Мемлекет басшысының кейінгі жылдарды «Балалар жылы» деп жариялауының өзі елімізде балаларға ерекше назар аударылатынын аңғартқан еді. «Балалар жылында» балалардың сапалы білім алуына және шығармашылықпен айналысуына барынша көңіл бөлінді. Осы тұрғыдан алғанда көптеген игі істер атқарылды. Енді, міне, олардың ертеңіне де қарекет жасалуда. Бұйыртса, балаларымыздың болашақта осындай игіліктерді көретініне сенемін.

 

Жұлдызай БАЙТҰРСЫНОВА,

көпбалалы ана.  

Қазығұрт ауданы. 

Пікір қалдырыңыз