Шекарасыз жақсылық

Мереке қарсаңында Ордабасы ауданында «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» науқандық акциясы өтті. Темірлан ауылының орталық алаңында таңертең ерте басталған іс-шарада мектеп оқушыларының киімін тігушілер мен сатушылар, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарды сатушылар аудан тұрғындары үшін өз өнімдері мен тауарларын ұсынды. 
Жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 3248 балаға, мұнан бөлек аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер тарапынан 700-ден астам балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер үлестірілді.
«Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінің мақсаты – оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
Жәрмеңкеде 100-ден аса жеке кәсіпкер Шымкент қаласының сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдерді және тағы басқа тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдікпен ұсынды. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз