БЕЙНЕТТІҢ ЗЕЙНЕТІН КӨРГЕН ҰСТАЗ

«Алты алаштың басы қосылса, төр — ұстаздікі» - деп бүкіл ұстаздар қауымына баға беріп кеткен ақын М.Жұмабаевтың ықыласы мен ілтипатын бүгінгі таңда үкіметіміз бен жалпы қоғамымыз айрықша танытуда. Ұстаздардың мәртебесін апталық жүктемелерін азайтып, бірақ айлық жалақыларын көбейту арқылы әрі қағазбастылықтан арылта отырып көтеруге ұтымды қадамдар жасауда. Иә, Аллаһқа шүкір, қазіргі таңда ұлық кәсіп ұстаздардың әлеуметтік жағдайлары да шағымданатындай жағдайда емес. Айлық жалақылары, еңбек демалыс өтемақыларымен қоса денсаулықтарын көтеруге ұсынылатын өтемақыларын уақытылы дер кезінде қолдарына тигізуі үкіметіміздің бағытының дұрыстығында. Кәсіподақ ұйымының жанашырлығының арқасында денсаулығымды түзеу мақсатында жуырда ғана «Манкент» шипажайында ем алып қайттым. Бұл да болса, ұстазға көрсетілген құрмет деп білемін. Жалпы, осы орайда 40 жылға жуық бастауыш буында еңбек етіп келе жатқан мен секілді (педагог-шебер санатындамын) ұстаздарды әрдайым өз қамқорлығы мен назарында ұстап отырған Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызына, педагог қызметкерлердің қолдаушысы Шымкент қаласы педагог қызметкерлердің кәсіподақ ұйымының төрағасы Жүзімбаев Мұрат Бекмұратұлына үлкен алғысымды білдіремін. 
     
Жолдасова Салиха Балқыбекқызы, Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты  Ә.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектептің  бастауыш сынып мұғалімі.
Пікір қалдырыңыз