Бәйдібектіктер жаңалыққа батыл бет бұрды

Ұлас ҮСЕНБАЙ, «Ońtústik Qazaqstan».

Елімізде ағын судың жыл сайын азайып келе жатқанына байланысты ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру қолға алынды. Су үнемдеу мақсатында диқандар соңғы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануда.  Бұл ретте жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігі орасан зор. Себебі, осы әдіспен суарғанда дақылдар өз бойына қажетті ылғалды молынан жинайды. 

Бәйдібек ауданында ағын суды тиімді пайдалану және оны ысырап етпеу мақсатында биыл 4 жоба іске асырылып, 261,4 гектарға жаңбырлатып суару технологиясы ендірілді. Мәселен, Көктерек ауылдық округіндегі, «Бердібай» шаруа қожалығы 94,4 гектар, Бөген ауылдық округіндегі «Молдахмет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі   30 гектар, Жамбыл ауылдық округіндегі «Жүнісбеков Жандос» 130 гектар, Жамбыл ауылдық округіндегі «Ғалымнұр» шаруа қожалығы 7 гектар алқапқа жаңбырлатып суару технологияларын орнатты. Жалпы құны 177,3 млн. теңгені құрайтын осы жобалардың негізінде 9 адам жұмыспен қамтылып отыр. 
Пікір қалдырыңыз