Түркістандықтар топ жарды

Шардара ауданында гір спортынан жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында тұңғыш рет ел біріншілігі өтті.
Сайысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шардара ауданы әкімдігі және облыстық N4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Ал, Шардара аудандық жекпе-жек спорт түрлерінен спорт клубы жарысты өте жоғары деңгейде өткізді.
Үш күнге созылған бәсекеге республикамыздың барлық қалалары мен облыстарынан командалар қатысып, жарыстың қызықты әрі тартысты өтуіне бар күш-жігерлерін салды. Жарыс қорытындысында Түркістан облысының спортшылары 16 алтын медальмен бірінші орынға шықты. Шардара ауданының өрені Байдуллаев Бағжан жарыстың үздік спортшысы атанды.
Командалық есепте бірінші орынды Түркістан облысының спортшылары еншілесе, екінші орын – Қостанай, үшінші орын – Солтүстік Қазақстан облысы құрамаларына бұйырды.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар және жаттықтырушылар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдырыңыз