Келес Келес болғалы, Мұндай жарыс өтпеген!

Қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық  қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін өткізілетін  дәстүрлі 58-турнирдің ШАРТЫ
1. Жарыстың мақсаты мен міндеті
– Ұлттық спорт – қазақ күресін дамыту және облыс жаттықтырушылары арасында тәжірибе алмасу, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау;
– балуандардың спорттық шеберлігін шыңдау;
– алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу;
– қазақ күресін халықаралық деңгейде таныту және бұқаралылығын арттыру;
– жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
 
2. Жарыстың өткізілетін орны мен мезгілі
Жарыс Келес ауданы, Абай ауылындағы орталық стадионда 30 қыркүйек – 1 қазан күндері өтеді. Салмақ өлшеу және комиссиядан өту 30 қыркүйек күні, ал, белдесулер 1 қазан күні өтеді.

3. Жарысты ұйымдастыру
Жарысты ұйымдастырудағы жалпы басқару «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Келес ауданы әкімдігіне жүктеледі. Төрешілер мен дәрігерлік қызметті ұйымдастыруға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, жергілікті жердегі жарысты ұйымдастыруға Келес ауданы әкімдігі жауапты болады. Жарысқа қатысушылардың жол шығыны мен жатар орны, күнделікті тамағы жіберуші мекемелер есебінен төленеді.
 
4. Жарысты өткізу тәртібі
Жарыс республикалық «Qazaq kuresi» ассоциациясы бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі. Белдесулер 60, 66, 74, 82, 90, 90+ келі салмақ дәрежелерінде өтеді. «Түйе балуан» атағын сарапқа салу үшін 82 келіден жоғары балуандар күреседі және бұл сынға 2003 жылдан кейін туған балуандар жіберілмейді. Командалық есепте жеңімпаздар жүлде саны бойынша анықталады. Әр балуанның өз спорттық киімі, екі күртешесі (көк және қызыл) болуы шарт. Әр салмақта бір командадан 1 ғана спортшы қатыса алады. Жекпе-жек барысында балуандар өзара келісіп күресетін болса, жарыстан шеттетіледі. Турнирге қатысушылардың дәрігерлік анықтамасы болмаса жарысқа жіберілмейді. Жарысқа қатысатыны жөніндегі мәліметтерді командалар Түркістан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына 2021 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жолдауы тиіс. Өтініштер sagi230196@gmail.com электрондық поштасына жолдануы қажет.
 
5. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау
Салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орын алған балуандар «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Келес ауданы әкімдігі тағайындаған бағалы сыйлықтарға, тиісті дипломдарға ие болады.
Түйе балуанға – автокөлік!!!

Анықтама алу үшін мына 
телефондарға хабарласуға болады:
8 (7252) 53-91-97, +7 747 502 49 99 +7 705 898 6776 +7 701 162 01 62

Ұйымдастыру алқасы.
Пікір қалдырыңыз