Нұрдәулеттің бір күні

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінен бірінші кезекте тиянақтылық пен кәсіби біліктілік талап етіледі. Сарыағаш аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрдәулет Еділов осы талап үдесінен шығып жүрген қызметкерлердің бірі.

Шымкент қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы заң колледжін бітірген ол еңбек жолын 2010 жылы Сайрам аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымынан бастады.

2013 жылдың мамыр айында Сарыағаш ауданына учаскелік полиция инспекторы болып ауысқан.

Нұрдәулеттің әкесі Әбдікәрім Еділов те ұзақ жыл бойы полиция бөлімінде қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан.

– Әкемнің арқасында бала кезден әскери тәртіптің не екенін, полиция қызметкерінің жұмыс режимін біліп өстім. Бала кезімде әкемнің формасын ұнататынмын. Фуражкасын киіп, әкем сияқты полицияда қызмет атқарғым келетін. Осылайша әкеме еліктеп өстім. Сондықтан болар, ержеткен соң бірден осы салаға келдім, – дейді Нұрдәулет.

Қазіргі таңда Нұрдәулет Еділов бөлімнің аға учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарып жүр. Ол Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан жергілікті полиция қызметінің №90 учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастырушы. Күнделікті жұмысы өте қауырт, сондықтан да ол уақытпен санаспай жұмыс істейді.

Бір мысал, осы жылдың мамыр айында Қабланбек ауылындағы Бау көшесі, №21 үйден шақырту алады.

Нұрдәулет учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Асыл Ережепов және полиция аға лейтенанты Сапар Қамбарұлымен аталған мекенжайға шұғыл жетеді. Үй ауласындағы әжетханаға екі жасөспірім түсіп кеткен екен. Өте жылдам шешім қабылдап, іске кіріспесе, оқиғаның соңы өкінішке ұрындыруы әбден мүмкін еді. Осы кезде қолға түскен құралдармен әжетхананың бетондалған еденін жасөспірімдердің денсаулығына зақым келтірмей бұзып, арқанға байлап үш жасар ұл бала мен он жасар қыз баланы әжетханадан шығарып алады. Нұрдәулет Еділов пен оның әріптестері балаларға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемге мінгізіп жібереді.

Бұл Нұрдәулеттің қызметтегі бір күні ғана. Күнделікті жұмыс барысында мұндай қауіптердің қаншауын бастан өткереді десеңші. Осындай сындардан сүрінбей өтіп келе жатқан Нұрдәулет Еділовке елге еткен еңбегінің жемісін көр демекпіз.

Г.АЙХОДЖАЕВА.

Сарыағаш ауданы.

 

 

12 пікір

  • Перизат
    Перизат

    Нағыз ерлік.. Жарайсыз

  • Марат
    Марат

    Тек қана алға бауырым????????????????????

  • Ахмедова Дилфуза
    Ахмедова Дилфуза

    Керемет !!! Сәттілік серік болсын !

  • Серік Дарханов
    Серік Дарханов

    Жарайсың тек қана алға, генерал бол, жұмысыңа табыс отбасыңа амандық тілеймін!!!

  • Жадыра
    Жадыра

    Генерал бол

  • Нурсултан
    Нурсултан

    Жарайсын осетын баласын

  • Perizat Maratovna
    Perizat Maratovna

    Жарайсын????????

  • Абдурахманов Ержан Махмудович
    Абдурахманов Ержан Махмудович

    Генерал бол ????

  • Алсейт
    Алсейт

    Жарайсын тек алга

  • Олжас
    Олжас

    Нурдаулет саған жұмыста табыс, жанұяда береке, дүниенің барлық жақсылығын тілеймін

Пікір қалдырыңыз