Киік неге киелі?

Қазақ өзіне жақын тұтып, аялап, кие тұтатын түз тағыларының бірі – киік. Қызға Құралай деп ат қою, елден ерек сүйкімдіні «Киіктің лағындай» екен немесе «Құралайдың көзіндей мөлдір» деген әдемі теңеулер халқымыздың сайын даланың еркесіне деген ерекше көзқарасынан, оны жанына жақын тұтқанынан туса керек.

Ал, зерттеушілер мен табиғат жанашырлары киіктің ерекше, ешбір аңға ұқсамайтын қасиеттерін алға тартады.

Киік – қазақ секілді сайын даланы еркін мекендеп, судың тұнығын ішіп, ауаның тазасын жұтып, жердің сұлуын таңдап көшіп-қонып жүретін түз тағысы.

Халқымыз мамырдың аяғына таман соғатын суық желді «Құралайдың салқыны» деп бекер айтпапты. Өйткені, бұл уақытта күтпеген жерден ызғарлы суық келіп, жаңбыр мен қар араласып жаууы мүмкін. Дәл осы кезеңде киіктер төлдейді. Түз тағысы алдын-ала шыбын-шіркей жоламайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдайды. Ақбөкен басқа жануарлар секілді шаранасын жаламай, лағын бірден төпелеп тұрған жаңбыр суының астына тосып, өзі де жаңбыр суына тазаратын көрінеді. Шарананы желдің өзі кептіреді.

Киіктің тағы бір ерекшелігі, жетімін жатқа қалдырмайтын қазақ секілді жетім қалған лақтарды далаға тастап кетпейді екен. Маң далада аналық алдынан маңырап шыққан жетім лақты емізіп, бауырына басып, өзімен бірге қалдырмай ертіп жүре беретін мейірімді жануар деседі мамандар. Сонымен бірге ақбөкеннің ен далада ойнақтап жүрген мыңдаған лақтың ішінен өз төлін адаспай табатын қасиеті бар екен.

Олардың тағы бір ерекше қасиеті – ұрғашы киіктер іштегі төлінің ұрғашы немесе еркек болып туылуын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып бара жатса, сол жылы кілең еркек лақтарды өмірге әкелетін, өз өсімін өзі бақылайтын жер бетіндегі бір ғана жануар осы киік. Осыдан кейін Құдайдың құдіретіне таң қалмай көріңіз!

Ақбөкендердің айрықша қасиетінің бірі – мәрттігі мен сертшілдігі. Олар соңынан қуған қуғыншы – ажалдың алдын кесіп өтуге өлермендене ұмтылып, ақыры бір кесіп өтеді екен. Егер аяғы сүрініп сұлап түссе, жанары мөлтілдеп жата береді. Тіпті, алқымына пышақ тақасаң да ажалының көзіне тура қарап, тұяқ серіппейтіні киіктің киелілігінің бір дәлелі. Ажал аузында жатқан киіктің тұңғиық көзіне қарау мүмкін емес дейді табиғат жанашырлары.

Табиғатында өте төзімді әрі шыдамды және жүйрік жануардың жаңа туған лақтары жарты сағаттан соң аяқтанса, екі-үш күндік құралайды машинамен де қуып жету мүмкін емес көрінеді. Жүгіргенде жылдамдығына көз ілеспейтін құралайдың аналығы егерде лақтарына қауіп төнсе, төлінің маңынан жыртқышты аулаққа алып кетуге тырысады. Қауіпті сезінген лақ та енесі қасынан ұзағанда ешқандай тіршілік нышанын сездірмей бірнеше сағат бойы қыбыр етпей жата қалады. Лақтардың қоңыр бұйра түсі топырақ секілді, оны бір көрген адам бейнебір төмпешік деп қалуы мүмкін. Жас туған шыбыштары лақтарын суат басына апармайды. Оларды алысқа қалдырып өздері келіп алдымен барлап-бақылайды. Бір-екі аптадан соң ғана аналық киік лақтарын суатқа бастап әкеліп, суды аса сақтықпен алдымен өзі ішетін көрінеді. Қалғандарына «рұқсат» дегендей белгі бергенде ғана лақтар суатқа лап қояды екен. Бір қызығы, киіктер үш минутта шөлін қандырып үлгереді де, келген жағына қарай құстай ұшып жөнелетін көрінеді. Көктемде суаттарды көп іздемейтін себебі шөптің шығымен, нәрімен сусындап, жауын жауса тіпті апталап су іздемейді. Қыстың қарсыз күндерінде тұз жалап шөл қандырады.

Мамандар ақбөкендердің 87 түрлі өсімдік түрімен қоректенетінін алға тартады. Халықтық медицинада киіктің мүйізінен тұяғына дейін ем болатыны содан. Өсімдікті жыл мезгілдеріне сай талғап, таңдап жейтін кірпияз жаратылыс иесі.

Киіктің киелілігінің тағы бір тұсы – түз тағысы қасқырдың жылына бір рет ет атаулыдан жерініп, иісінен құсып, оған беттей алмайтын кезі ақбөкендер лақтайтын «Құралайдың салқыны» мезгіліне тұспа-тұс келеді екен. Содан үш-төрт күндей етке беттей алмай жүрген дала тағысының тәбеті аяқ астынан ашылғанда, киіктердің жас төлдері аяқтанып үлгереді екен. Мұны табиғаттың үндестігі дейміз бе, әлде киіктің киелілігі дейміз бе? Дұрысы – Құдайдың құдіреті деген шығар. Ғалымдардың айтуынша, миллиондаған жылдар бойы өз тұқымын сақтап қалған санаулы аңның бірі – осы киік. Ол қанжар тісті жолбарыс пен жүндес мамонттармен бір дәуірде өмір сүріпті. Алайда, алдыңғы екеуі жер бетінен жойылып кетіп, киік қана бүгінгі дәуірге жеткен. Бұл да киіктердің киелілігінен шығар.

Эльмира ЖАМАШОВА. Бәйдібек ауданы.


20 пікір

  • Айару
    Айару

    Көп жазылған бірақ жаздым

  • Руслан
    Руслан

    Керемет

  • Коко
    Коко

    Вшашшвгвоагаоаошвшвовгвгвошвшвов

  • Коко
    Коко

    Ол еблан

  • Сейтхан Томирис
    Сейтхан Томирис

    Киіктің шаруаларға шығын әкелмеу үшін, қоршаулар салуға болар еді. Бірақ біздің ашкөздер, мүізін Қытайға сату үшін елді алдаумен болды. Бұлары дұрыс болмады

  • Разия
    Разия

    Керемет! Үлкен рахмет! Бала кезден еміс-еміс киікті киелі деп естуші едім, расында киесі көп екен. Алла Тағала Киікті ешбір жануарға ұқсамайтын ерекше қылықты, сұлу, аса ерекше сақтаулы, құнды етіп жаратыпты. Қарап тұрсаң, Мұсылман пенденің тағдырға көну, тазалық сақтау, жетімдерге мейірімді болу,қиындықты табандылыұпен қабылдау, қарсы келмеу, отбасын қорғау, тектілік сақтау, айта берсең бір киік жануарында көп екен. Яғни, нағыз адал пәк көркем мінезді Мұсылман пенденің сипатының және ем-домды Алла Тағала табиғи жолдармен өсімдік арқылы беретінінің көрсеткіш секілді екен киік жануары. Сонымен қатар табиғатты аялаған пенде үшін бүкіл болмысы ысырап болмайтын аса құнды жануар екен. Оқып, жануарды жаңа қырларынан танып тәнті болдым. Сондай бүкіл болмысы адал , пайдалы, жарамды болған жануарды жалаңдаған ақшақұмар жалмауыздықпен тек Мүйізін ғана алып нақақ қырып шірітіп тастап кетушілер үлкен обал жасайды екен. Ондайларға Алла ой салсын

  • Даука
    Даука

    Жаксы бірақ өте көп мөлшерде жазылған

  • Даука
    Даука

    Жаксы бірақ өте көп

  • Амангелді Инабат
    Амангелді Инабат

    Оте керемет

  • Амангелді Инабат
    Амангелді Инабат

    ????????????????????????

Пікір қалдырыңыз