ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗАҢ БҰЗСА...

Жадыңызда жүрсін!

Түркістан облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан полиция қызметкерлерінің заңбұзушылық әрекеттерін анықтау және алдын-алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Егер полиция қызметкерлері тарапынан қандай да бір заңбұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттер орын алса, өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8-701-121-93-35, 8-72533-5-85-15 телефондары арқылы хабарласуыңызға немесе Түркістан қаласы, Ерубаева көшесі, №197е үйге келуіңізге болады.

Сіздің шағымыңыз бойынша құпиялықтың сақталуы мен объективті шешім қабылдануына кепілдік береді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз