БАЛАҢЫЗДЫ РОБОТ ҚҰРАСТЫРУҒА ҮЙРЕТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748,2 млн. теңге бөлінбек. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
Бұл science (ғылым), technology (технология), engineering (инжиниринг) және mathematics (математика) бойынша оқытылады, оның міндеті нақты ғылымдарды оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану. «Робототехника» үйірмесі арқылы оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, инженерлік және дизайндық-ойлау, математикалық модельдеу дағдыларын қалыптастыра алады. Бұл үйірмеде оқушылар Lego mindstorms EV3 Education жинағымен роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен танысады. Lego робот жасауға арналған жиынтықтар арқылы оқушылар теория мен тәжірибені ұштастыра заманауи құралды терең меңгере түседі. Мектеп кезінен танысқан оқушыларда бұл салаға қызығушылығы пайда болып, соның арқасында болашақта робототехника саласында көптеген жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.