РОБОТТАР МҮСIН ҚАЛАП, СУРЕТ САЛАДЫ

10 маусымнан бастап ЭКСПО–2017 көрмесi кезiнде үш ай бойы «Astana Contemporary ArtCenter» павильоны танымдық негiзге келушiлердi әртүрлi бағыттағы заманауи өнер туындыларымен таныстыратын болады. Арт-орталық кез келген жастағы аудиторияны қамтитын болады.
Павильондағы iс-шаралар бағдарламасын құрастыру үшiн Францияның Ұлттық мұражайлар бiрлестiгi мен Ғаламат Сарай (Grand Palais) және «Гараж» заманауи өнер мұражайы жұмылдырылды.
Павильонның бiрiншi қабатында заманауи өнердiң халықаралық жетекшi орталықтарында ұсынылатын көрме және бiлiм беру жобалары ұйымдастырылады. Ал, екiншi қабатында 13 мемлекеттен келген 17 заманауи суретшiнiң қатысуымен «Artists&Robots» көрмесi өткiзiледi. Көрме өнер туындысын ойлап шығаратын машина туралы армандаған әртүрлi замандағы суретшiлердiң зерттеулерiне арналады. Интерактивтi көрме негiзiнде қонақтарға натурамен сурет салатын робот және мүсiншi-робот таныстырылады, сондай-ақ, видео-арт пен көптеген роботтар халықтың көз алдында құрастырылмақ.
Павильон дәрiсханасында арт-нарығына, заманауи кураторлық тәжiрибелер мен баспа iсiне арналған дәрiстер өткiзiледi. Сонымен қатар, заманауи өнерге арналған 300-ге жуық фильм көрсетiлiмi жоспарланып отыр. Фильмдер қазақ тiлiнде, орыс және ағылшын субтитрларымен көрсетiледi.
Көрмеге келушiлерге күн сайын балаларға және отбасыларға арналған шығармашылықты және қалыптан тыс ойлау жүйесiн жетiлдiру бағытындағы бiлiм беру бағдарламалары қолжетiмдi болады. Сондай-ақ, заманауи өнерге арналған кiтапхана да жұмыс iстейтiн болады.
«Гараж» мұражайы арнайы инклюзивтi бағдарлама әзiрлеуде. Ол мүмкiндiгi шектеулi жандардың көрменi тамашалауына және бiлiм беру жобаларына қатысуына жағдай жасайды. Құлағы нашар еститiн жандарға арнайы ишаратым тiлiнде экскурсия өткiзiледi.
Интеллектуалды даму тұрғысынан ерекшелiгi бар азаматтар үшiн арнайы дидактикалық материалдар мен визуалды оқулықтар дайындалады. Ал, зағип жандар мен көзi нашар көретiн азаматтар үшiн тактильдi модель (дене арқылы жанасу) және тифлокомментарий көмегiмен экскурсия жүргiзiлмек.