Сарыағашта – жаңарған вокзал!

Сарыағаш қаласында жаңғыртылған теміржол вокзалы ел игілігіне берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Облыс әкімі құттықтау сөзінде «Сарыағаш» теміржол вокзалының өңір үшін маңыздылығына тоқталды.
Жаңартылған вокзалда жолаушылар үшін 30 орынды күту залы, билет кассасы, анықтама бюросы және асхана қарастырылған. Сондай-ақ ана мен балаға арналған бөлме, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді орта, медициналық пункт, оқшаулау бөлмесі және көліктегі полиция бөлімінің қызметтік кабинеті орналасқан. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы қатынауын қамтамасыз ету мақсатында перрон жаңартылып, вокзал аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Вокзал 5 жұп пойыз қабылдайды және тәулігіне 500-ге жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз