Көш басында – Түркістан!

Түрлі пікірдің көрігін қыздырып, сан түрлі байлам жасатқан Құрылтай сайлауы да өз мәресіне жетті. Бұған дейінгі сайлауларға қарағанда, бұл жолғы науқанға халықтың қатысу белсенділігі жоғары болды. Бірқатар саяси сарапшылар мұны демо­кра­тияның жеңісі, жаңа Қазақстанның берік іргетасы, сындарлы саяси реформалардың жалғасы деген тұжырымдарын білдіріп жатыр. Ал, сайлаушылардың сеніміне ие болған саяси партиялар сайлаушыларға экономикада түбегейлі өзгерістер жасап, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретініне уәде беріп, осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жұмыла жұмыс істеу қажет екенін мәлімдеді. Осының барлығы партиялар тарапынан үгіт-насихат жұмысының белсенді жүргізілгенін көрсетсе керек.

 

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сүйенсек, дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн. 500 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасаған. Бұл – тізімдегі азаматтардың 74,19 пайызын құрайды. Ал, өңірлер арасында Түркістан облысы сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Облыстағы дауыс берушілердің үлесі 92,75 пайызды құрады. Оның ішінде 20 292 жас алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болса, сайлау күні 18 жасқа толған 114 өрен сол күні алғашқы таңдауларын жасады. Жалпы, өңірлерде халықтың сайлауға қатысу көрсеткіші төмендегідей: Астана қаласы – 51,67, Абай облысы – 81,41, Ақмола облысы – 82,69, Ақтөбе облысы – 88,30, Алматы облысы – 71,17, Атырау облысы – 70,74, Батыс Қазақстан облысы – 73,38, Жамбыл облысы – 85,18, Жетісу облысы – 91,19, Қарағанды облысы – 76,28, Қостанай облысы – 76,47, Қызылорда облысы – 90,75, Маңғыстау облысы – 71,38, Павлодар облысы – 71,20, Солтүстік Қазақстан облысы – 77,31, Түркістан облысы – 92,16, Ұлытау облысы – 70,72, Шығыс Қазақстан облысы – 87,50, Алматы қаласы – 43,23, Шымкент қаласы – 75,42 пайыз.

Көріп отырғанымыздай, халықтың басым бөлігі сайлауда өз таңдауын білдірген. Демек, отандастарымыздың жаңа Құрылтайдан күтетін үміті көп деген сөз.

 

Д.ЖҮСІП.

Пікір қалдырыңыз