Біз сыналар сәт туды

Кейде елдің игілігі үшін маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді. Себебі, бүгінгідей әлемді шарпыған саяси және экономикалық дағдарыстар жағдайында арқаны кеңге салуға болмайды. Мұндай кезде қажетті істі кейінге қалдырмай, ел болып болашаққа нық қадам басу маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, күні кеше өткен Құрылтай сайлауын ел болашағын баянды етуге бағытталған маңызды саяси қадам деуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қарсаңында елге арнаған Үндеуінде: «Біз геосаяси шиеленіс ширығып, жаһандық сын-қатерлер күшейе түскен кезеңде бет алған бағытымыздан таймай, тек алға қарай жүруіміз қажет» деген еді. Бұл – бүгінгі күрделі кезеңде елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін нақты мақсат пен табанды іс қажет екенін көрсетеді.

Осы ретте халықтың қолдауымен қабылданған жаңа Ата Заңдағы өзгерістерді елдің жаңа даму бағытына жол ашатын маңызды қадам деп түсінген жөн. Еліміз бұл өзгерістерден үлкен нәтиже күтеді.

Сондықтан жаңа Құрылтайдан халықтың сөзін сөйлейтін мемлекетшіл азаматтарды, тың идеялары мен жаңа бастамалары бар жасампаз жастарды күтеміз. Ең бастысы, ел сенімін арқалаған депутаттар осы жауапкершілікті терең сезініп, мемлекет мүддесі жолында белсенді жұмыс істесе дейміз.

 

Нұрсұлтан АСАН,

Қазығұрт аудандық

«Жастар ресурстық орталығының» маманы.

Пікір қалдырыңыз