Кәсіпорындардың инновациялық қызметі қандай?
Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста өнімдік және бизнес-процестік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 10,9 пайызды құрады. Бұл саладағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші ірі кәсіпорындар арасында байқалып, 55,7 пайызды құраса, орта кәсіпорындар бойынша белсенділік – 20,2 пайыз, шағын кәсіпкерлік саласында 6,2 пайыз болды.
Өткен жылғы инновациялық өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда
85,8 пайызға ұлғайып, 26 851,3 млн. теңгені құрады. Өткізілген инновациялық өнім көлемі 17 674,8 млн. теңге, одан экспортқа жіберілгені 3069,6 млн. теңге болды.
Есепті кезеңде инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 есеге артып, 141 402,4 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ішкі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) бойынша шығындар 5973,9 млн. теңге, сыртқы ҒЗТКЖ – 2985,7 млн. теңге болды. Сонымен қатар, қаржыландыру көздері бойынша кәсіпорындардың меншікті қаражатынан инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі 8702,2 млн. теңгені, өзге де қаражаттар 121 214,8 млн. теңгені құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша едәуір инновациялары бар салалар деп өңдеу өнеркәсібі (37%, жалпы санынан), денсаулық сақтау саласындағы қызмет (36,1%), тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу (9,3%), ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (3,7%) танылды.
Инновациялары бар кәсіпорындардың көпшілігі Түркістан қаласында (18,5%) және Сайрам (13%), Созақ (11,1%), Сарыағаш (8,3%) аудандарында жұмыс істейтіні анықталды.
Гүлжамал НАЗАРБАЙҚЫЗЫ,
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросының Түркістан облыстық департаменті қызмет
көрсету статистикасы басқармасының басшысы.
Мэри Жордан
Онлайн криптовалютын хулгайн дараа мөнгөө буцаан авахын тулд яаралтай тусламж авах цөхрөнгөө барсан эрэл хайгуулдаа би дахин дахин хууртагдсан. Байнга асуудаг байсан бүх төлбөр, хураамжийг төлсөн ч гэсэн би хөрөнгө оруулсан 46,000 ам.доллараа, ашгаа ч авч чадаагүй. Хоёр долоо хоногийн дараа би зөв мэдээлэл өгснөөр луйварчны дансанд нэвтэрч, хулгайлагдсан мөнгийг нь буцааж авах боломжтой хакер jbeespyhack-ийн талаарх тоймыг олж харлаа. Би түүнд аль болох хурдан jbeespyhack@gmail.com хаягаар имэйл илгээсэн. Тэр миний мөнгийг луйвраас буцааж авч чадсанд би цочирдсон. 48 цагаас бага хугацаанд тэр надад алдсан мөнгийг минь авахад тусалсан. Түүний хамгийн сайн гүйцэтгэлийг авахын тулд түүнтэй холбогдоно уу. И-мэйл: jbeespyhack@gmail.com