Бала күтіміне байланысты төлемді кімдер алады?

Қазақстанда бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мен жұмысынан айырылу бойынша төленетін төлем қатар тағайындалмайды. Ал, жұмысынан айырылғандарға берілетін мемлекеттік төлем түрі қандай? ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жуырда БАҚ өкілдерінің төлемді нақты кімдер алатыны жайлы сұрағына жауап берді.
«Еліміздегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі азаматтар белгілі бір әлеуметтік тәуекелге ұшыраған жағдайда табыстың бір бөлігін өтеуге бағытталған. Бұл жүйе мемлекет тарапынан ұйымдастырылған. Ол Үкіметтің қатаң бақылауында және толық кепілдендірілген.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі бойынша әлеуметтік тәуекелдер қатарына:
• жұмысынан айырылғандар;
• еңбекке жарамсыздар;
• асыраушысынан айырылғандар;
• жүктілік және босанғандар;
• жаңа туған баланы асырап алғандар;
• бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты табысын жоғалтқандар жатады.
Осыған сәйкес, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем сәби бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуді жүзеге асыратын адамға тағайындалады. Яғни бұл кезеңде азамат бала күтімімен айналысып, табыс табу мүмкіндігін уақытша жоғалтады. Сол себепті мемлекет жоғалтқан табыстың бір бөлігін өтейді» делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ресми жауабында.
Алайда, заңнамада маңызды шектеу бар. Бала күтімі кезеңіндегі әлеуметтік тәуекел мен жұмысынан айырылу тәуекелі бір уақытта қатар қарастырылмайды. Атап айтқанда, жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем тек ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға ғана беріледі. Бұл талап ҚР  Әлеуметтік кодексінің 99-бабында белгіленген.
Сонымен қатар, Кодекс нормаларына сәйкес, жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын адам ғана жұмыссыз деп танылады. Ал, бала күтімі демалысында отырған адам бұл кезеңде жұмысқа бірден кірісуге дайын деп есептелмейді.
Бұдан бөлек, ҚР Еңбек кодексі бойынша жұмыс беруші қызметкерге (анасына немесе әкесіне) бала 3 жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. Бұл кезеңде қызметкердің жұмыс орны толық сақталады.
     
Дайындаған С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

1 пікір

  • Lucy Sliver
    Lucy Sliver

    HOW TO RECOVER STOLEN CRYPTOCURRENCY / HIRE A HACKER WHO CAN HELP YOU IN RECOVERY YOUR STOLEN FUNDS Having a reliable hacker matters a lot. I just thought about sharing this here to help other people that may need this kind of service. Losing crypto to online scammers is too rampant these days, scammers are getting more intelligent that's why getting a legitimate expert on recovery of stolen crypto is so difficult. Most people have been scammed several times and they give up on their funds. I'm hereby to let all scam victims know that recovery is possible when you contact the right source, i am saying this because I was a victim too. I recommend GEO COORDINATES RECOVERY HACKER, a hacker who is my trusted hacker because all the work I gave to them, came out successfully. I thank you immensely GEO COORDINATES RECOVERY HACKER for helping me recover my Lost cryptocurrency. You can as well contact them if you have similar issues through their Email Email: geovcoordinateshacker@gmail.com Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack

Пікір қалдырыңыз