ЕМХАНАДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР

Галареяның келушілерге ыңғайлы болуымен қатар, физикалық және психологиялық жағдайына да әсері мол.

Өтпелі галарея



Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №7 қалалық емханада А және Б корпустары арасын жалғап тұрған өтпелі галерея бар. Галареяның келушілерге ыңғайлы болуымен қатар, физикалық және психологиялық жағдайына да әсері мол. Ең алдымен, науқастардың қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз етеді. Әсіресе, ана мен бала, мүгедектігі бар науқастарға және ауыр халдегі пациенттерге ашық ауада жүру қауіпті болуы мүмкін. Жел, жауын-шашын, суық немесе аптап ыстық сияқты табиғи факторлар олардың жағдайын нашарлатуы ықтимал. Ал, галерея арқылы олар бір бөлімнен екінші бөлімге еш кедергісіз жетеді. Бұл әсіресе, мүгедектер арбасындағы адамдар, қарттар мен балаларға аса қолайлы. Сонымен қатар, өтпелі галерея медициналық көмектің жылдам көрсетілуіне ықпал етеді. Дәрігерлер мен медбикелер бөлімдерге тезірек жетіп, шұғыл жағдайларда уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал, уақыт – медицинада ең маңызды факторлардың бірі. Жедел көмек неғұрлым тез көрсетілсе, науқастың сауығу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.Тағы бір маңызды артықшылығы, инфекциялардың таралуын азайтады. Ашық алаңдармен салыстырғанда, өтпелі галереяларда санитарлық талаптарды сақтау оңайырақ. Олар үнемі тазартылып, дезинфекцияланып отырады. Сондай-ақ, өтпелі галерея науқастардың туыстары үшін де қолайлы. Олар емхана ішінде адаспай, қажетті бөлімге оңай жете алады.


Қорыта айтқанда, өтпелі галерея – тек архитектуралық элемент қана емес, науқастардың қауіпсіздігін, жайлылығын және тезірек сауығуын қамтамасыз ететін маңызды құрал. Оның дұрыс жобалануы мен пайдаланылуы медициналық қызмет сапасын арттырып, адам денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосады.

Тұзды шахта



Шымкенттегі №7 қалалық емханаға «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ОЙЛ ПРОДАКТС» ЖШС-ның демеушілігімен тұзды шахта немесе тұзды үңгір жасалынды, Мұндай орындардағы ерекше микроклимат денсаулыққа оң әсер етіп, түрлі аурулардың алдын алуға және емдеуге көмектеседі. Бұл әдіс медицина тілінде «Галотерапия» деп аталады.

Оның тыныс алу жүйесіне әсері өте мол. Тұзды шахтаның ауасы өте таза, құрамында ұсақ тұз бөлшектері (аэрозольдер) болады. Бұл бөлшектер өкпеге терең еніп, тыныс жолдарын тазартып, қабынуды азайтып, шырышты қабатты қалпына келтіреді. Сондықтан ол бронхит, астма, аллергия сияқты аурулары бар адамдарға өте пайдалы. Сонымен қатар, тұзды орта иммундық жүйені күшейтеді. Тұз бөлшектері бактериялар мен вирустардың көбеюіне кедергі келтіріп, ағзаның қорғаныс қабілетін арттырады. Әсіресе, жиі суық тиетін адамдарға мұндай ортаның профилактикалық тұрғыдан тиімділігі мол. Тұзды шахтаның тағы бір маңызды әсері – жүйке жүйесіне пайдасы. Мұндай жерлерде ауа тыныш, ылғалдылығы мен температурасы тұрақты болады. Бұл адамды тыныштандырып, күйзелісті азайтып, ұйқыны жақсартады. Сондықтан галотерапия стресс пен шаршауды жеңілдетуге көмектеседі.


Оның тері ауруларына да оң әсері бар. Тұздың антисептикалық қасиеті терідегі қабынуды азайтып, оны тазартады. Мысалы, псориаз, экзема кезінде тұзды орта жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Қан айналымы мен жалпы зат алмасуға да жақсы әсер етеді. Тұзды ауа ағзадағы оттегінің алмасуын жақсартып, адамның жалпы сергектігін арттырады. Нәтижесінде, адам өзін жеңіл, тыныш және сергек сезінеді.

Қорыта айтқанда, тұзды шахта – табиғи әрі қауіпсіз емдік орта. Ол тыныс алу жүйесін жақсартуға, иммунитетті күшейтуге, жүйке жүйесін тыныштандыруға оң әсер етеді. Сондықтан оны денсаулықты нығайту мен алдын алу шарасы ретінде пайдалануға болады.

Ағаш ек, гүл еке, табиғатты түлет!



«Таза Қазақстан» бастамасының қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігі өте мол. Осы тұрғыда ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды көбейту және қалаларды көгалдандыру ерекше мәнге ие. Ең алдымен, көгалдандыру ауа сапасын жақсартады. Ағаштар мен өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Бұл процесс «фотосинтез» деп аталады. Соның нәтижесінде атмосферадағы зиянды заттар азайып, адамдардың тыныс алуына қолайлы орта қалыптасады. Әсіресе, ірі қалаларда көлік пен өндірістен шығатын түтінді азайтуда жасыл желектің рөлі өте зор. Сондай-ақ, көгалдандыру биоалуан түрлілікті сақтауға көмектеседі. Бұл экожүйенің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.



«Таза Қазақстан» бағдарламасының табиғатты көркейту ғана емес, халықтың денсаулығын жақсартуға, экологиялық жағдайды тұрақтандыруға және таза орта қалыптастыруға ықпалы ересен. Сондықтан әрбір азамат ағаш отырғызып, жасыл желекті бір кісідей қорғау атсалысуы қажет.

Пікір қалдырыңыз