Дамудың берік негізі қаланды

Елдің жаңа Ата заңы қабылданды.

Елдің жаңа Ата заңы қабылданды. Бұл – егемен еліміздің шежіресінде алтын әріппен жазылатын аса маңызды оқиға.

Президент Ата Заңды «Әділетті Қазақстанның төлқұжаты» деп атады. Конституцияда мемлекеттің ұзақмерзімді мақсат-мұраты айқындалды. Бұл – халықтың таңдауы. Референдумнан елдің бірлігі, азаматтық жауапкершілік байқалды. Тұрғындар жаңғыру мен жаңару жолын таңдады. Осы арқылы дәйекті дамудың берік негізі қаланды.

Бұдан былай 2026 жылғы 15 наурыз Конституция күні болып белгіленді. Мемлекет басшысы арнайы Жарлыққа да қол қойып, Ата Заң ережелерін жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен шараларын айқындады.

Ендігі жерде Парламентке бірқатар маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Мәселен Президент, Құрылтай, Халық Кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа бес конституциялық заң қаралады. Бірқатар конституциялық заңға және қолданыстағы заңдарға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енеді.

Қазақстанда әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатындықтан Парламентке қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдау жүктелді.

Ата заң тек құқықтық құжат қана емес, ол стратегиялық дамуға жол ашатын жаңа қоғамдық келісім.

 

Алтынсары Үмбетәлиев,

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық 

филиалының төрағасы.

Пікір қалдырыңыз