Қадірлі мұсылман бауырлар!

Құрметті жерлестер!
Сіздерді күллі
мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен шын жүректен
құттықтаймын!
Айлардың сұлтаны
Рамазан – кешірім мен мейірімнің, сабыр мен шүкіршіліктің айы. Қасиетті айдың
аяқталуына орай аталып өтілетін Ораза айт мейрамы жақсылық жасауға, қанағатшыл,
қайырымды, кешірімді болуға үндейді. Бұл күні Алла Тағала барша адамзатты үлкен
сауап пен толассыз нығметке бөлейді.
Ораза айт мейрамы
құтты болсын!
Әр шаңырақ бақ пен
берекеге, ынтымақ пен бірлікке толсын. Алла Тағала сіз бен бізді Рамазаннан
Рамазанға, айттан айтқа аман-есен жеткізсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш,
бірлігіміз бекем болғай!
Ізгі тілекпен!
Нұралхан КӨШЕРОВ,
Түркістан облысының
әкімі.