Баспанамен қамту – өзекті мәселе

  Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен тұрғындарды баспанамен қамту, өңірде тұрғын үйлер салу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті. Облыс әкімі  осы салаға жауапты басшыларға тұрғын үй құрылысы мәселесін тиянақты зерделеп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

– Құрылыс басқармасында тұрғын үй саясатына қатысты нақты сараптама болуы керек. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сол арқылы жоспар жасалады. Баспанамен қамту – өте өзекті мәселе. Аудан, қала әкімдерінің осы бағыттағы көрсеткіштерін саралап, тиісті ұсыныстар беріңіздер. Үй салатын аймақты инфрақұрылыммен қамту, құрылысты қаржыландыруға қатысты шаралар да зерттеліп, тұрғын үйлердің құрылысы уақтылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс, – деді Нұралхан Көшеров. 
Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұлдың айтуынша, 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған азаматтарға бюджет есебінен 16 925 (9308 – арендалық, 7617 – кредиттік) пәтер берілген. 2024 жылы 47,8 млрд. теңгеге 2590 арендалық пәтер (245 үй, 170,1 мың м2) сатып алынған. Облысқа 2025 жылы 578 арендалық пәтер сатып алуға 7,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.

Пікір қалдырыңыз