Түркістан облысы колледждері арасында спартакиада өтті

Қазақстандық
колледж спартакиадасы аясында Түркістан облысының техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарының студенттері арасында Ұлттық спорт лигасы өтті. Аймақтық деңгейде
ұйымдастырылған бұл спорттық дода 2025 жылдың сәуір айында Қарабұлақ ауылындағы
№25 Д.Қонаев атындағы аграрлық колледж базасында жоғары деңгейде өткізілді.
Жарыстың
негізгі мақсаты – колледж студенттері арасында салауатты өмір салтын
насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту және дарынды спортшыларды анықтап,
облыстық кезеңге жолдама беру.
Аймақтық
спартакиадаға Түркістан облысының әр өңірінен келген білім алушылар қатысып,
спорттың бірнеше түрі бойынша бақ сынасты. Бұл байрақты бәсекеде Түркістан жоғары
аграрлық колледжінің спортшылары белсенділік танытып, барлық спорт түрінен
жарыстарға қатысты. Әсіресе,
үстел теннисі және футболдан жоғары нәтиже көрсетті.
Үстел
теннисінен Т.Алдабергенов жаттықтырған біздің колледждің спортшылары Р.Жұмабек,
Е.Жайлау, Е.Ергешова 1-орын иеленіп, қарсыластарынан оза шапты. Сонымен қатар, Д.Оразбаев жаттықтырған қыздар арасындағы футбол
командасы да мықты ойын өрнегін көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды. Осылайша,
қос бірдей спорт түрінен Түркістан жоғары аграрлық колледжінің студенттері
облыстық кезеңге жолдама алды.
Бұл жеңістер – колледжімізде спортқа жасалып жатқан жағдай мен ұстаздар мен жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі. Алдағы уақытта да колледж спортшыларына жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!
Алдабергенов Талғат
Найманбаева Назерке
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі оқытушылары