Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылға арналған міндеттері
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылға арналған міндеттері.
Департамент 2 бөлімнен тұрады:
1️⃣ Білім беру қызметін лицензиялау бөлімі
• Лицензиялауды электронды түрде жүзеге асыру;
• Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызметті бастау/тоқтату туралы хабарламаларды қабылдау;
• Лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;
• Құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және сот органдарына жолдау;
• Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
2️⃣ Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі
• Мемлекеттік аттестаттау (онлайн/офлайн);
• Мектептерге профилактикалық бақылау жүргізу;
• Заңнамалық бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар беру;
• Материалдық-техникалық базаны, педагогтардың құқықтарын қорғау және білім сапасын бақылау.
Департаменттің 2025 жылға негізгі міндеттері:
???? Мемлекеттік бақылау және лицензиялау шараларын күшейту;
???? Жеке білім ұйымдарының жұмысын ерекше бақылауға алу;
???? Ауыл мектептерінің материалдық базасын жақсарту;
???? Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін дамыту;
????Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жою мақсатында ауылдарда орналасқан 108 мектепті 5 бағыт бойынша жаңғырту:
Күрделі және ағымдағы жөндеу;
Пәндік кабинеттермен жарақтандыру;
Мектеп жиһаздарын, асханаларды және кітапханаларды жаңарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Егер сұрақтарыңыз немесе шағымдарыңыз болса, төмендегі кураторларға хабарласуыңызға болады:
• С.Пахымбет (Жетісай, Отырар)
• Н.Нұрлыбаев (Төлеби, Мақтаарал)
• А.Жантас (Қазығұрт, Шардара)
• Л.Нұртаева (Арыс, Сарыағаш, Келес)
• Г.Медеубек (Түркістан, Кентау)
• М.Тасқұлова (Түлкібас, Сайрам)
• Н. Ошантаева (Сауран, Созақ)
• С.Борибай (Ордабасы, Бәйдібек).
Толық ақпарат слайдтарда.