Білім сапасын көтеруге бағытталған бастама


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген бүкіл ел бойынша үш жыл ішінде 1300 мектепті жаңғырту жөніндегі тапсырмасы – білім беру жүйесінің сапасын көтеруге бағытталған маңызды бастама. Бұл шешім еліміздің білім беру инфрақұрылымын жаңарту және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау қажеттілігінен туындаған.

 Осы салада талай жыл еңбек еткен ардагер ұстаз ретінде бұл тапсырманың артықшылықтарына тоқтала кетейік. Жаңартылған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, оқушыларға жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі берілуі тиіс. Екіншіден, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру деңгейіндегі алшақтықты азайтуға көмектеседі.

  Сонымен қатар мектептердегі қауіпсіздік және экологиялық талаптарға сай жаңартылып, оқушылар үшін ыңғайлы және қолайлы орта жасалмақ. Бұл бастама Қазақстанның білім беру саласындағы ұзақ мерзімді дамуына үлкен үлес қосады деп айтуға болады. Алайда, оның тиімді іске асуы үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті әкімдіктердің және қоғамның белсенді қатысуы қажет.

Қабылбек ТЕМІРОВ,

Ардагер ұстаз.

Пікір қалдырыңыз