Шіркін-ай, бір барар ма еді!

Бізді қоршаған әлем ғажап пен тылсымға толы. Планетамыздағы аяқ басып, көзіміз көрмеген жерлер туралы да біліп отырғанымыз абзал. 

Қытай
Тяньцзи таулары 

Таңғажайып Тяньцзи таулары  қаулап өскен жасыл ормандармен көмкерілген әктасты мұнаралардан құралған. Бұл аумақ көбіне-көп мұнарланып тұрады. Тауға фуникулермен көтерілуге немесе сол маңдағы ауылдан тамашалауға болады. Бұл таңғажайып көріністер тіпті, «Аватар» фильмін түсірушілерді де шабыттандырған жер шарындағы ғажайып мекендердің бірі.

Колумбия
Споттед-Лейк

Британиялық бұл «Ала көл» Колумбияда орналасқан көптеген ойықтардың жиынтығы десек те болады. Ойықтардың саны бір жыл ішіндегі күн санына сәйкес тура 365 шұңқыр. Температура 43 градусқа жеткенде ойықтарда  шалшық су пайда болады. Көлдің көрінісі бейне шебер импрессионистің қылқаламынан туған сурет сияқты әдемі көрінеді. Көл суы ішуге жарамайды және онда микроағзалардың кейбір түрлері ғана мекендейді. 

Солтүстік Ирландия
Алыптардың төсемелі жолы 

Шамамен 60 миллион жыл бұрын алып жанартаудың атқылауынан жер бетіне жайылған  базальт ерітіндісі қатайып, осындай ғажап пішінге ие болған деседі. Жергілікті аңыз бойынша мұнда алыптар жасаған 37 000 геометриялық пішінді бағана өз сырын бүгіп, үнсіз ғана жатыр.

Түркия
Памуккале

Түркияның Иераполис қаласына жақын маңдағы әк тасты террасалар мен қираған үйінділер ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне кірген. Памуккаленің табиғи баспалдақтарында табиғи бұлақтардан су жиналады. Олардың саны шамамен – 17. Су температурасы 35-100 градус аралығында.

А.ҚҰДАЙБЕРДІ.
Пікір қалдырыңыз