Қатты отыннан – табиғи газға

Сарыағаш ауданындағы көптеген мектептер осы күнге дейін қатты отынмен жылытылып келді. Бүгінде барлық білім мекемелері ғимараттарын газға ауыстыру жұмыстары басталып кетті.  Қазір газға бейімделген жылу қазандықтары орнатылуда.  Жаңаталап елді мекеніндегі №77 және Ақүй елді мекеніндегі №69 орта мектептері ғимараттарының жылу қазандықтары ауыстырылып, жұмыс аяқталып та қалыпты. 

 Қабланбек ауылдық округіне қарасты Тасқұлақ елді мекеніндегі М.Өтемісұлы атындағы №52 жалпы орта мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстары да бітуге таяу.
Мердігер мекеме «Қазыбеков» ЖК мектеп ғимаратының сыртқы қасбетін жүргізген. Қанағат елді мекеніндегі «Кәусар» балалар бақшасы ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстары да аяқталып келеді.  
Сала басшылары Сарыағаш ауданындағы барлық білім мекемелері жаңа оқу жылына сақадай сай дайын болады деп отыр.

Гүлдана АЙХОДЖАЕВА. 
Сарыағаш ауданы. 
Пікір қалдырыңыз