Жеңімпаз – Байділдә Айдарбек

Түркістан музыкалық драма театры Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, сәуір айында көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған драматургтердің республикалық байқауын жариялаған болатын. Байқау қорытындысы таяуда жарияланып, онда драматург Байділдә Айдарбектің жеңімпаз атанғаны белгілі болды.

Байқауға 9 шығарма түскен. Олар тәуелсіз сарапшыларға жолданып, солардың  ішінен  Байділда Айдарбектің «Ән-ғұмыр» атты пьесасы жүлделі орынға лайық деп танылды. Бұйыртса, Түркістан музыкалық драма театрының 4-ші маусымы қазақтың ән падишасы – Шәмші Қалдаяқов өмірінен сыр шертетін «Шәмші» спктаклімен ашылады.
Кешегі аптада аталмыш театрда байқау қорытындысына орай баспасөз жиыны өтті. Онда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын, жазушы Нұржан Қуантай жеңімпазға бәйге жүлдесін – 1 млн. теңгені табыстады.
Айта кетейік, Байділдә Айдарбек Созақ ауданында дүниеге келген. Зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін аудан мектептерінде ұстаздық қызмет атқарған. Осыған дейін өлеңдері арқылы танылған оның пьесаларына бүгінде біраз театрлар назар аудара бастады.
«Мен өлең де жаздым, ән де шығардым. Енді жас келген соң ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөл атқаратын драматургия жанрына бет бұрдым. 2008 жылдан бері көптеген фестивальдерде жеңімпаз атандым. Бірақ, бүгінгі байқаудың орны бөлек.  
Ш.Қалдаяқовтың жаныңды тербейтін әндерін бала кезімізден тыңдап, қосыла айтып өстік. Мектепте, жоғары оқу орнында жүргенде де Шәкеңнің әндері аузымыздан түспеді. Аты аңызға айналған композитор туралы естіп-білген кейбір оқиғаларды қағазға түртіп қоятыным да бар еді. Жеңімпаз болуыма соның да көмегі тиді деп ойлаймын. Әйтпесе, байқау ережесін тым кеш көрдім де, шығармамды небәрі бір айдың ішінде жазып бітіруіме тура келді» дейді Байділдә Айдарбек.

Әтіргүл ТӘШІМ,
журналист.

2 пікір

  • polkmnoipk
    polkmnoipk

    МЕНІҢ КУӘЛІМДІ ОҚЫҢЫЗ Менің атым Алия Ахмед, қазақстандық, жалғыз басты, күйеуім қайтыс болғанға дейін бізге сонша қарыз қалдырды, мен қатты қарызды қалай өтерімді білмей, абдырап қалдым. Бір күні интернетті ақтарып отырып, мен Мариямның Albaker несиелік фирмасының несие алуға қалай көмектескені туралы куәлігін көрдім. Сондықтан мен компанияның поштасы арқылы 5 жылға 85 000 доллар несие алуға өтініш бердім ( albakerloanfirm@gmail.com ). Мен үшін не істегенін әлем білсін, мені таң қалдырды, 48 сағаттан аз уақытта менің несием 2% пайыздық мөлшерлемемен бекітілді. Қазір күйеуімнің қарызын өтеп, жеке өмірімді, бизнесімді бастадым. Мен жай ғана уәдемді орындадым. Сонымен, кем дегенде 2% несиенің кез келген түрін алғыңыз келсе, Albaker несиелік фирмасына оның электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз ( albakerloanfirm@gmail.com )

  • polkmnoipk
    polkmnoipk

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

Пікір қалдырыңыз