Қарындасым дәулескер күйші болуды армандайды

Айым – біздің үйдің кенжесі. Ол кішкентайынан күй тыңдағанды ұнататын. Мектеп қабырғасын аттасымен-ақ анама «домбыра үйірмесіне барайыншы» деп қыңқылдап жүрді. Оған анам «сенікі әшейін жай қызығушылық.  Орта жолда тастап кетесің» деп сенімсіздік танытқан. Бірақ, қарындасым айтқанынан қайтпады.  Ақырында анамның келіспеске амалы қалмады.
Біз Төлеби ауданындағы №88 жалпы орта мектебінде оқушы едік. Осы білім ошағы жанынан   «Аия» деген өнер мектебі ашылды. Анам қарындасымды сол мектептің домбыра үйірмесіне берді.  Үйірме жетекшісі  Манарбек Қауымбай  ағай өте білімді, сабырлы кісі. Ол Айымның талабына қуанды. Алайда,  анам Айымның домбыра тартып кететініне  сенімсіздікпен қарауын қоймады. Өйткені, біздің әулеттен бұрын-соңды күйшілер, домбырашылар шықпапты.
Сөйтіп жүрген күндердің бірінде  Айым анама «Балбырауын» күйін тартып береді. Анам таң қалып, қатты қуанды. Енді ол Айымға басқаша қарай бастады. Айым үйде түкпірдегі бөлмеге кіріп алып,  домбырасын жалғыздан жалғыз шертіп отыратын болды.
Үйірме мүшелері күйді топпен тартады. Қолдары жаттығып, тәжірибе жинаған соң олар түрлі байқауларға қатыса бастады. Айым Өзбекстанда өткен алғашқы байқауларының бірінде-ақ бас жүлдені жеңіп алды. Бұдан соң Түркістан, Шымкент қалаларында өткен байқауларға қатысып, 3 рет бас жүлде, бір мәрте 2-орынды иеленді. Осылайша  «Аия» өнер тобы көпшілікке таныла бастады. Олардың арасында, әрине, менің қарындасым да бар.
 Бірде күйшілер үйірмесі облыстық  байқаудан 2-ші орын иеленіп қайтты. Алайда, екінші орын алып қалғандарына қарындасым қатты қынжылды. Бұдан кейін үйірме мүшелері күн сайын дайындалатын болды. Тәжірибелерін толықтырды. Домбыраны шерту әдісін жетілдірді. Негізі күй ырғағына қарай қос ішектің бірде астын, бірде үстін шымши тартып, қайырмасын құлпыртып отыру бар. Мұны домбырашылар жақсы білсе керек. Манарбек ағай жас күйшілерге домбыра шертудің тәсілдерін үйретуден жалықпады. Соның нәтижесінде келесі байқауда жас  күйшілер бас жүлдеге қол жеткізді.
Кез келген жастың бой­ын­да қабілет болады. Мәселе – сол қабілетті оята білуде, шыңдауда. Бар­лық істе қиыншылық болатыны белгілі. Қандай да бір қиыншылықты еңсеріп, алға ұмтылғандар ғана алға қойған мақсаттарына қол жеткізеді. Қарындасым сол мақсатына ұмтылумен келеді.  Осы ретте  Айым секілді жас таланттардың жолын ашып жүрген Манарбек ағайға айтар алғысымыз шексіз.

Еркебұлан ҚУАНЫШБЕК,
М. Әуезов атындағы
ОҚУ журналистика
факультетінің 2-курс студенті.

1 пікір

  • polkmn
    polkmn

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

Пікір қалдырыңыз