Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды
«Азаматтарға
арналған үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы марапаттау рәсімі Мәскеуде
өткен CСGuru Awards/Хрустальная
гарнитура халықаралық сайыста «Халыққа арналған үздік байланыс орталығы»
номинациясында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Байқауға 440-тан
астам үміткер қатысты. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 150-ден астам
байланыс орталықтары үздік атағына таласты. 2024 жылдың қаңтарында 1414 финалға
шығып, ақпан айында CCGuru Awards қазылар алқасының мүшелерін Бірыңғай байланыс
орталығының кеңсесінде қабылдаған болатын. Байқау комиссиясының өкілдері
орталықтың жұмысымен және ақпараттық жүйелермен танысты.
Айта кетер болсақ,
CСGuru Awards/ Хрустальная гарнитура
15 жылдан астам уақыт
бойы құзырлы қазылар алқасының шешімімен жыл сайын байланыс-орталық
индустриясының және клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесудің үздіктеріне
беріледі. Марапат кәсіби Қоғамдастықтың жоғары жетілу және даму деңгейін
мойындауын көрсетеді, байланыс орталықтарында клиенттермен қашықтықтан өзара
әрекеттесу саласындағы қатысушылардың жоғары жетістіктері мен нәтижелерін
растайды.