Қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында ақын Әкім Ысқақтың балалар мен жасөспірімдерге арналған «Күн ұлымын» және «Біздің Бапақ» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға ақын Дәркен Танабаев пен аталмыш кітапхананың Зоя Бегежанова, Шәрбану Дінәсілова мен Зәкира Парымбекова сынды бірқатар ардагерлері қатысты. Сонымен қатар, тұсаукесер кешіне аудандық балалар кітапханаларының қызметкерлері мен оқырмандары да атсалысып, өз өнерлерін ортаға салды. Кішкентай оқырмандар да ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқап, шығармаларынан үзінділер оқыды.
Пікір қалдырыңыз