Бабалар - рухына тағзым

Ақпан айының басында мемлекет басшысы президентіміз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысымен Астана қаласындағы Қарулы күштердің орталық музейінде Қорғаныс Министрінің қатысуымен бірінші болып басталған, ұлы жеңістің 80 - жылдығына 80 инабатты, парасатты, патриоттық іс-шаралар өткізу жөніндегі бастаманы (акцияны) қолдай отырып, Шымкент қаласының ардагерлер коалициясы «Семей – сынақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының ардагерлерінің бастауымен, «Желтоқсан- ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының, «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының қолдауымен Ордабасы ауданындағы 3 бидің Төлеби, Қазыбек би және Айтеке бидің ескерткіштері тұрған Қарауыл төбеге ардагерлер көтеріліп, «Бабалар - рухына тағзым» челенджін жасадық.
Бұл патриоттық іс- шарамыз, өскелең ұрпаққа бізді осындай күнге
жеткізген бабаларымыздың рухы мен ерлік жолдарын ұмытпай, ұрпақтан - ұрпаққа
дәріптеп жеткізуге мүмкіндік береді. Ол жердегі мемлекетіміздің көк байрағы,
жалауымыз тұрған төбеге көтерілген әрбір азамат ерекше сезімде болады,
айналаңдағы дүниелер, қоршаған орта мен таулар, табиғат, елді мекендер жүздеген
шақырымға дейін алақаныңда тұрғандай сезім аласың. 13- ші ғасырдың ортасына
таман аттары әлемге белгілі болған, халық арасында үлкен құрметке ие болған үш
биіміз, жан-жаққа хабаршылар жіберіп қазақтың батырларын, сарбаздарын қарауыл
төбенің маңына жинап, ақ баталарын беріп жауға қарсы аттандырады.
Жамбыл облысы
мен Алматы облысының шекараларының қиылысқан жеріндегі Гвардейск қалашығының
маңында болған Анырақай шайқасында жоңғарларға күйрете соққы беріп
сарбаздарымыздың жеңіспен оралуы осының айғағы болса керек.
С.Онбаев,
«Қарулы күштер
ардагерлері» РҚБ Шымкент филиалының төрағасы, Шымкент қаласында орналасқан
ардагерлер қауымдастығының (коалициясының) төрағасы, Шымкент қаласының құрметті
азаматы, отставкадағы полковник.