Тұрғындар жаңа алаңда шынығады

Бауыржан ЕРМАН, «Оңтүстік Қазақстан».
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов арнайы қатысып, халық үшін қызмет етіп жүрген жандарға шынайы алғыстарын жеткізді.
«Ауылына қарап азаматын таны» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Киелі Отырар ауданының өсіп-өркендеуі, гүлденуі осы ауылдан шыққан ел ағаларының туған жеріне деген ыстық ілтипаты мен адал еңбегінің арқасында деп білемін. Бүгінгі спорттық нысан ауыл жастарының дені сау болып өсуіне, спортпен шұғылдануына, осы ауылдан талай чемпиондардың шығуына себепкер болады деген сенімдемін» деді аудан басшысы өз сөзінде.
Ал аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы елдің дамуына қызмет ету әрбір азаматтың парызы екенін айтса, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслімова мен жақында ғана ел чемпионы атанған «Ордабасы» клубының капитаны Бауыржан Исламхан халық денсаулығын жақсартудағы спортпен шұғылданудың маңыздылығын атап өтті. Ардагер, Социалистік Еңбек Ері Оңалбек Бегалиев демеуші болған ел жастарына ризашылығын білдірсе, бокстан жастар арасында әлем және Азия чемпионы Абылайхан Жүсіп ауыл жастарының арасынан талай ел чемпионы шығатынына сенім білдірді.
Іс-шараға келген қонақтар жаңа спорт алаңын аралап көрді. Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Бауыржан Исламхан, Абылайхан Жұмабек пен Мұхаммеджан Сейсен шеберлік-сабағын өткізіп, футбол жанкүйерлеріне негізгі әдіс-тәсілдерді көрсетті. Одан кейін жаңа алаңда 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында жолдастық ойын өтіп, жеңімпаздар марапатталды.