Тазалық бәріне ортақ іс

Созақ ауданында жаппай
сенбілік өтті. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлік нысандардың
иелері мен аудан тұрғындары қатысты.
Тазалық жұмыстарына
1480 адам жұмылдырылып, 13 арнайы техникалар тартылды. Тазалық жұмыстары
барысында 38 шақырым көше бойлары, 11 шақырым аяқжолдар ретке келтірілді.
Сондай-ақ Шолаққорған – Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы тазартылды.
Әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтарға және «Жасыл белдеу» аумағына
2480 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілік аясында 70
тоннадан астам күл-қоқыстар арнайы қоқыс тастайтын палигондарға тасымалданды.
«Оңтүстік»-ақпарат.