Жеке қабылдау жүргізіледі

ҚР Президенті мен ҚР Бас прокурорының халыққа мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың түйткілді мәселелерін шешуге байланысты жүргізілетін қолдау шаралары бүгінде өз тиімділігін көрсетіп келеді. 

Прокуратура органдарындағы лауазымды адамдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау қағидаларына сәйкес, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті жеке қабылдау өткізуде. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі соттылығының жойылғаны туралы ақпарат алуға немесе өздерінің туыстарына қатысты архивтік құжаттардың көшірмелерін беру мәселелері бойынша жүгінеді.
Қабылдау барысында басшы құрам әр азаматтың жеке мәселелерін тыңдап, бірқатарына заң аясында жауап берсе, кей мәселелер қабылдау барысында өз шешімін табуда.
Департаменттің басшылық құрамы жеке және заңды тұлғаларды (өкілдерін) дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9:00 -18:30 дейін қабылдайды.

Асқар САПАРҒАЛИЕВ,
 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша
департаментінің бастығы.
Пікір қалдырыңыз