Асықтары алшысынан түсті

Румынияның Констанса қаласында ұлттық спорт түрлерінен әлем кубогі жолындағы бәсеке  мәреге жетті. Биыл екінші рет өткен дүбірлі дода аясында асық ату мен бес асықтан сайыстар өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды. 

Атап айтар болсақ, асық атудан Қазақстанның негізгі құрамасы топ жарса, еліміздің екінші құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Үздік үштікті Германия құрамасы түйіндеді. 
Бес асықтан өткен сында Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмесе, Түркия мен Румыния екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. 
Жеңімпаз атанған спортшылар ішінде Түркістан облысының екі бірдей өкілі бар. Өз таланттарымен танылған Алмас Қарабаев пен Мұхамеджан Нұрланұлы ұлттық құрама сапында бас жүлдеге ие болды.
Пікір қалдырыңыз