Ақтық сында ғана сүрінді

Алматы қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында ел кубогі сарапқа салынды. 
Түркістан облысының намысын Нұрасыл Мұхтар мен Бейбарыс Алдияр қорғап, үздіктер қатарынан көрінді. Ел кубогі сарапқа түскен бәсекеде түркістандықтар ақтық сында ғана сүрінді. Бұл бәсекеде ақтаулықтар ел кубогінің иегері атанды. 
Жүлдегер жігіттер – облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. 
Дүбірлі додаға Түркістан облысының құрамасын жағажай волейболының аға жаттықтырушысы Файзулла Мамықов бастап барды. 

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз