Сіз жатқа оқуға тиіс бір өлең...

Қадыр МЫРЗА ӘЛІ.


«Туған жердің тылсым сырын ұғып көр»


Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:

Бұлтын оның бұлт демей бір түбіт дер.

Қарап тұрып мынау шырқау шыңдарға

Қалай төмен боламыз, ей, жігіттер!


Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:

Тұма-бұлақ дариядан үміткер.

Қарап тұрып мынау түпсіз теңізге,

Қалай тайыз боламыз, ей, жігіттер!


Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:

Теңіз кешіп, шың басына шығыпты ер.

Көре тұра мынау ұлы даланы,

Қалай кіші боламыз, ей, жігіттер!



Пікір қалдырыңыз